1954 жылы 21 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. 1977 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.
Біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы. Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газет-журналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырыпсалма саңлақтармен сөз сайыстарына түскен. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондайақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстарда сан мәрте топ жарды.
Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды. Арқалық қаласының Құрметті азаматы. «Астана» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Бастау. Сықақ өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Көршілер. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Алаңғасар. Әзілсықақ әңгімелер мен скетчтер. А., «Өнер», 1989; Қонысбайдың қалжыңдары. Әзіл, қалжың, қағытпалар. Астана, «Елорда», 2000.