18 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. 1942 жылы Амангелді орта мектебін бітірген.
1947 жылы Қостанай қаласына барып, облыстық газетке қызметке тұрған. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарық көре бастаған. Бірнеше повесть, роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйге алды (1967). Прозалық шығармалары бірнеше дүркін «Советский писатель» баспасынан шықты. Ол В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасы, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.
Шығармалары: Ақ әже. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Ұзақтың жолы. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Әке болғым келеді. Роман. А., «Жазушы», 1971; Сын Тлектеса. Повесть. М., «Советский писатель», 1974 ; Ант. Роман. А., «Жазушы», 1975; Шығармаларының екі томдығы. І–ІІ том, А., «Жазушы», 1985.