Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дулатұлы Міржақып

24 қарашада Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болды. 1987 жылы Торғай қаласындағы екі сыныптық орысқазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады.

Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
1904 ж. Омбы қаласына аттанып, өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Оған еріп Қарқаралыға барады, ондағы ұлттық демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
1907 жылы Петербургте жалғыз нөмірі ғана шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғынсүргін ала келді, ол тергеу органдарының бақылауына алынды, артынша «Оян, қазақ!» кәмпескеленді. Міржақып Қызылжарда сот кеңесінде тілмәштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады. 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе Айқап» журналына үзбей жазып тұрады. Ел тұрмысын өз көзімен көріпбілу ниетімен 1911 жылы қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай сапарға шығады. Патша тыңшыларының қатты аңдуына алынған Дулатұлы мұнда полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады. 1912 жылы Орынборға келіп, осындағы аз ғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарды. А.Байтұрсыновпен бірге қыр өлкесінің ағартушылық демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылым – «Қазақ» газетінің негізін қалайды (1913–1918). Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған. 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ бұл әділетсіздік ұзаққа созылмай, Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады. 1922–1926 жж. Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі кезеңде екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. «Балқия»атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5і күні Ақ теңіз – Балтық каналының бойындағы Сосновец стансасында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Дулатұлының «қылмысты» ісін жанжақты тексере келіп, Қазақ КСРнің прокуроры 1988 жылғы қазанның 27-сі күні тиісінше наразылық білдірді де, Республика Жоғарғы Сотының коллегиясы сол жылғы қарашаның төртінде оның ардақты есімін біржола ақтады.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып шығармалары халқымен қайта қауышты. Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар, ескерткіш орнатылған.
Шығармалары: Шығармалары. А., 1991; Оян, қазақ!. А., 1991; Шығармалары. 1–2 том. А., 1997.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ