1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
Республикалық газетжурналдар басылымдарында қызмет істеді. Жазушының «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімесі 1972 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының оннан астам кітабы жарық көрді. «Бар болғаны он төрт жас», «Ғашық болу бақыты», «Құм киесі» т.б. повестері балаларға, ауыл өміріне арналған. Орыс тілінде «Плато голубых цветов», «Чаша печали», «На тверди земной» (2001) атты кітаптары шықты. Швед жазушысы Мария Грипенің «Эльвис Карлсон» повесін, В.Шукшин, А.Головко, А.Пацюс, тағы басқа жазушылардың шығармаларын аударған. Жекелеген шығармалары украин, белорус, түркімен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен тілдеріне аударылған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған. ҚР Парламентінің 10 жылдығы, «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» және «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Шығармалары: Шілденің күні. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1976; Ертегіден келген бала. Повесть. А., «Жалын», 1978; Көгілдір соқпақ. Әңгімелер, повесть. А., «Жалын», 1980; Көлге шомылған ай. Повестер мен әңгімелер. «Жалын», 1984; Плато голубых цветов. А., «Жалын», 1985; Шыққа тұнған нұр. Повестер. А., «Жалын», 1989; Ол дәурен бір көрген түс. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы» . 1995; «Чаша печали» А.,1977, «Жеті жарғы»; Тылсым. Повестер, «Елорда», 2001; Аспан асты, жер үсті. «Елорда», 2002; На тверди земной. Повести и рассказы. «Аударма», 2004; Құла түздегі үнсіздік. Повестер мен әңгімелер. «Жазушы», 2005; Нәзік жаңғырық. Таңдамалы повестер. «Қазақпарат», 2006; Құмөзек хикаялары. Повестер мен әңгімелер. «Раритет», 2007.