Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әбілқайыров Ғалымбек

Ұстаз, ақын Әбілқайыров Ғалымбек 1942 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай селосында туған.

1960 ж. Ы. Алтынсарин ат. Торғай қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, бұрынғы Н. К. Гоголь ат. (қазіргі Қорқыт Ата ат. ун-т) Қызылорда пед. ин-тына оқуға түсіп, оның филология (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша) факультетін 1965 ж. бітірген.

Педагогикалық еңбек жолын Жангелдин ауданының С. М. Киров ат. (қазіргі Қ. Топаев ат.) орта мектептен бастаған.

1965 жылдан бері Қаратүбек және Албарбөгет орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

Ал 1971 жылдан бастап зейнетке шыққанша Торғайдағы Ы. Алтынсарин ат. орта мектепте үздіксіз мұғалім болып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.

Ғ. Әбілқайыров мұғалімдік қызметте абыройсыз болмаған. Бірнеше рет облыстық, аудандық грамоталарға ие болған. Еңбек кітапшаларына жазылған алғыстары да бар.

1981 ж. VI обл. пед. оқуға қатысып, жасаған методикалық баяндамасына бірінші орын беріліп, ол республикалық педагогикалық оқуға ұсынылған.

1992 ж. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» деген белгімен марапатталған.

         «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, өмірін ұлағатты жолға арнаған қадірменді ұстаз. Сонымен бірге, қалт еткенде қолына қалам алып, ой өрнектерін жыр кестесіне түсіре білетін ақынжанды адам. Өлеңдері республикалық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. 2005 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан «Көңілімнің шуағы» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Бұл жинаққа ұстаз-ақынның жүрегін жарып шыққан өлең-жырлары мен жыр толғаулары  енген.

          «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» әнінің сөзін жазған ақын.  Ақын Торғай өлкесінде туып өскендіктен болар туған ел тақырыбындағы жырлардың үлкен бір тобы осы өңірдің мақтан етер жетістіктері мен айтулы азаматтарына арналған. Ақын өзі айтқандай, туған өлкесінің сәні мен салтанатын жырға, әнге қосқан.

         Автор жергілікті композиторлардың әндеріне мәтін де жазады, олар орындалып жүр. Мұны оның «Әліби - әнім», «Жүректі ән тербейді», «Топжарғаным» тәрізді әні бар өлеңдері айтып тұр.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ