Қостанай обл. Қостанай ауд. Затобол кентінде туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай - автожасағында электрші болып жұмыс істеген. 1943 ж. наурызында әскерге шақырылады. Алғашқы шайқасқа 1943 ж. маусымында Курск доғасында қатысты. Одан кейін Степной, Воронежский және Бірінші Украин майдандарында соғысты. Василий Степановичтің полкі 1943 ж. қыркүйегінде гвардиялық атаққа ие болды. Жеңісті Прагада қарсы алды. 235 гвардиялық танкке қарсы артиллериялық атқыштар полкінің зеңбірек то-бының командирі В. С. Афанасьевке соғыста көрсеткен ерлігі және батыр-лығы үшін Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1945 ж. 10 сәуірдегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары № 18 қолөнер училищесінің тәрбиешісі қызметінде, Қостанай ет комбинатының және «Стройтест-2» ҚЖБ кадрлар бөлімінде еңбек етті. 1964 - 1984 жж. аралығында Қостанай облысы ІІБ қызметте болып, ішкі істер бөлімінің жас мамандарына отансүйгіштік тәрбие беруге белсене қатысты.