Облыстың денсаулық саласына ерекше еңбек сіңірген жандардың бірі - дәрігер Жаппас Ілиясұлы 1935 жылы 27 наурызда Меңдіқара ауданы Татьяновка селосында дүниеге келген. Меңдіғара өңірінің түлегі Қостанайдағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттан қанаттанды.
1959 жылы Қарағанды медицина институтын тәмамдаған соң ол жолдамамен сол кездегі Октябрь аудандық ауруханасында он жеті жыл бойы бас дәрігер болып қызмет атқарды. Жаппас Ілиясұлы медицинадағы ең бір қиын да жауыпты сала - оташылықты таңдады.
1977 жылы Қостанайдағы теміржол ауруханасының басшылығына ауысты. Ал 1983 ж. бастап аттай жиырма жыл бойы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін мінсіз атқарды. Сол мінсіз еңбегінің жемісіндей оған республиканың денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қостанай қаласының құрметті азаматы (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері құрметті атақтары берілді.