Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
 «Құрметті азаматы» атағын беру Ережесін бекіту туралы
Қостанай қаласының тарихы түрлі оқиғаларға бай. Бұл жерде талай талантты және атақты адамдар дүниеге келіп, еңбек етті. Қостанай ХХІ ғасыр табалдырығын қазіргі заманға сай, сәнді және болашағы мол қала ретінде аттады. Қол жеткізген жетістіктеріміз барлығымыздың көңілімізге қуаныш ұялатады. Біз жетістіктерімізді мақтан етеміз және қаламыздың бірінші кезекте есімдері қаланың елеулі істері тіркелген жылнамасына жазылған тамаша адамдарымен әйгілі екенін де білеміз.
Солардың қатарында «Қостанай қаласының құрметті азаматы» жоғары атағына ие болған адамдарды атауға болады. Өз қаласының тарихын білгісі келетін азаматтар үшін қаламыздың атақты адамдары туралы, өз замандарының нағыз ерлері болған кісілер туралы білу өте маңызды болмақ. Олардың тағдырлары сан алуан, олардың жастары мен мінездері де әртүрлі, оларды бір-ақ нәрсе, өздерінің туған жерлері мен өлкелеріне деген сүйіспеншілік біріктіреді.


Облыстың (қаланың, ауданның) «Құрметті азаматы» атағын беру
Ережесін бекіту туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 7 тамыздағы № 224 шешімі
(үзінді)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезекті, тоғызыншы
сессияның төрайымы
Л. Гальцова

Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
Ғ. Сағиев


Қостанай облыстық мәслихатының
2009 жылғы 7 тамыздағы
№ 224 шешіміне қосымша

«Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» Ережесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды.
2. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» (бұдан әрі - Атақ) атағын беру аса маңызды моралдық ынталандыру, еңбегі сіңген азаматтардың жемісті қызметіне, олардың таланты мен бастамашылығына қоғамдық ілтипат сезімін білдіру болып табылады.
3. Атақ облыс (қала, аудан) алдындағы ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретін-де:
облыс (қаланың, ауданның) экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің, өнерінің, білімінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласының дамуына үлкен үлес қосқаны;
мемлекеттік және қоғамдық қызметте, демократияның, жариялылық және әлеуметтік прогресті, рухани және зияткерлік әлеуетті, бизнесті, шығармашы-лықты, спортты дамытуда, мемлекеттік және әскери қызметте жетістіктерге жеткені;
заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені;
азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, қайырымдылық және ізгілікті қызметі;
облыста мекендейтін халықтардың арасындағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті еңбегі;
облыстың (қаланың, ауданның) еліміздегі және шетелдегі бейнесін арт-тыруға қосқан зор үлесі үшін беріледі.

2. Атақты беру тәртібі

4. Атақты беру туралы қолдаухатты қоғамдық мүдделерді білдіретін еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, ынталы топтар берулері мүмкін.
Аудандардың (облыстық маңыздағы қалалардың) әкімдері Атақты беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді.
Қолдаухатқа тиісті басшының қолы қойылады және облыстың, ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) әкіміне жіберіледі.
Қолдаухатта кандидаттың негізгі өмірбаяндық деректері, оның облыс (қала, аудан) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегін растайтын құжат-тармен бірге қысқаша сипаттама, сондай-ақ жиналыс хаттамасының немесе шешімінің көшірмесі, кандидаттың 3 те 4 көлеміндегі фотосуреті (2 дана) қоса беріледі.
Өзінің кандидатурасын ұсынған тұлғалардан атақ алу үшін келіп түскен қолдаухат қаралмайды.
5. Атақ облыс, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихат арқылы беріледі.
6. Атақ беру туралы ұсынысты облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа облыс, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімі тиісті мәслихат сессиясында осы мәселені қарауға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей енгізуге тиіс.
7. Атақ беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3. Куәлікті, төсбелгіні және ескерткіш лентаны беру тәртібі

9. Атақ берілген тұлғаға төсбелгі, куәлік және лента тапсырылады. Тапсыру қоғамдық-маңызды іс-шарада салтанатты жағдайда өткізіледі.
10. Төсбелгі «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» деген жазу мен тиісті аумақтың елтаңбасы (рәмізі) бар металда орындалады.
Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының куәлігі қатты мұқа-бамен жасалады, оған облыс, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімі және тиісті мәслихаттың хатшысы қол қояды.
Ескерткіш лента ұзындығы екі метр және ені 20 сантиметр, алтын түспен жазылған жібек лентадан немесе көгілдір түсті материалдан дайындалады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ