Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Астананың 20 жылдығына арналған дойбы сайысының қорытындысы
29.06.2018

28 маусымда Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қолдау көрсетуімен және профессор Юрий Яковлевич Бондаренконың жетекшілік етуімен дойбыдан сайыс өткізді. 

Оған еңбек ардагерлері, жастар, кітапхананың қызметкерлері мен оқырмандары қатысты. Сайысқа бірінші рет қатысқандар тәжірибелі ойыншылардан ойынның стратегиясы мен әдісін үйренді.

Қызықты да тартысты өткен ойынға қатысқан 16 қатысушы жүлделі орындар үшін таласты. Өткізілген партиялардың нәтижесі бойынша ерлер арасында келесілер жеңімпаз болды:

1 орын – Бондаренко Ю.
2-3 орын– Квиквина О.
2-3 орын– Доскенов А.
3 орын– Козьма И.

Жарысқа қатысушы әйелдер арасында жүлделі орындар келесідей болды:
1 орын– Ахметчина К.
2 орын– Шоканова Г.
3 орын– Мунтяну В.

Жас балалар арасында:
1 орын– Нурланов А.
2 орын– Куандыков С.
3 орын– Мунтяну А.

Барлығы 13 тур ойналды. Сайысқа қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ