2 тамыз күні Л. Толстой атындағы ОӘҒК өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Біздің өлкеміз поэзия мен прозаға тән» атты әдеби сауалнама өткізілді. Шараның мақсаты - туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді білуіне байланысты патриоттық сезімін қалыптастыру, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығы мен кітапханамыздағы өлке тарихына арналған кітаптармен танысуға шақыру.
Сауалнамаға жалпы 35 қатысушы қатысты. Сауалнамада Қостанай тарихы, өткені мен бүгіні жайлы маңызды фактілер, өлкелік ақын-жазушылардың шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға, соның ішінде Қостанай қаласының тарихы жайлы сұраққа қала тұрғындарының 50% жауап берсе, біздің белгілі жазушылар мен ақындардың құрметіне қандай көшелер берілген жайлы респонденттердің 100% біледі. Сауалнамада көпшілігі Қостанай атауы жайлы аңыздарды Ақылбек Шаяхметің еңбектерінен білетінін жеткізді.
Өлкетану әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысының және Қостанай қаласының тарихымен толығырақ танысу үшін сауалнамаға қатысушылардың барлығын біздің кітапханаға шақырды