9 қазанда Әдеби-ақпараттық бөлімнің қызметкерлері кітапхананың конференция залында Тула қ. Л. Н. Толстой ат. орталық қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Л. Н. Толстой атындағы кітапханалар кездесуі» атты онлайн-конференцияға қатысты.
Шара орыстың ұлы жазушысының және ойшылының 190 жылдығына арналды. Севастополь қ., Новосібір қ. Л. Н. Толстой атындағы кітапханаларының өкілдері, сондай-ақ Л. Н. Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік мұражай-үйінің өкілдері баяндамалар мен хабарламалар жасады.Қатысушылар Л. Н. Толстойдың шығармашылығын зерттеу және насихаттау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу кітапхана қызметкерлерінің, сондай-ақ Л. Н. Толстойдың өмірі мен шығармашылығын көбірек білгісі келетін оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.