Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Хан қызындай Ханбибі
18.06.2019

Әмбебап оқу залында ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иесі Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдығына арналған көрме жұмыс істеуде.

Ханбибі – поэзияны ұнатушылар арасында кеңінен танымал тұлға. Оның шығармашылығы адамгершілік, махаббат туралы, тек тірі жүріп қана қоймай толыққанды өмір сүрудің маңыздылығы жайында. Оның өлеңдері орыс, украин, якут, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылған. Көрмеге ақынның 6 томдық таңдамалы шығармалар жинағы қойылған.

Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығы тек поэзиямен ғана шектеліп қалмаған, ол сондай-ақ көпшілікке ғалым-зерттеуші ретінде де кеңінен танымал. Ханбибі Есенқарақызы құрастырған «Ақ жол» көп томдығында 20 ғасырдың басындағы қазақтың озық ойлы зиялыларының «Ақ жол» газетіндегі жарияланымдары жинақталған.

Ханбибі Есенқарақызы шығармашылық ізденісін бір сәтке де тоқтатқан емес, ол болашаққа қашанда сеніммен қарайды. Бұлай тек қызықты өмір сүрген, ашық, көргені көп, кедергіден өте білген, қиындықты жеңе білген адам ғана жаза алатыны анық.

Көрме көпшілік оқырманға арналған және ай бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ