Соңғы бірнеше онжылдықта терроризм әлемнің ең бір қатерлі қылмысына айналды. Оның қауіптілігі қоғамға жоғары дәрежеде әсер етуі – қалың көпшілікті қорқыта білу қабілеті болып отыр.
Әмбебап оқу залында терроризммен күреске арналған «Әлемге түскен ауыр жүк» кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінен «Предупреждение терроризма в Казахстане» кітабын ерекше атап өтуге болады, онда авторлар терроризмнің пайда болу себептерін және оның қазіргі кездегі жағдайын жүйелеп қарастыруға тырысқан, аталған қылмыстық құбылыстың қаржыландырылу мәселесін талқылаған, әсіресе Қазақстан Республикасындағы терроризмнің құқықтық жақтарына және қылмыстың сабақтас құрамының қатынасына ерекше көңіл бөлінген.
Барлық тілек білдірушілерді ай бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.