19 қыркүйекте оқытушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әнуар Сәпиевтің студенттері көрмесінің ашылуы болды. Көрмеге Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих және өнер» факультетінің 4 курс студенттерінің 20 астам кескіндемелік жұмыстары қойылған. Жас суретшілердің жұмыстары аралас, графика, акварель техникалары бойынша орындалған.
Кездеудің қонақтары – қостанайлық танымал суретшілер Н. Торшин, С. Шалунова, О. Кусков, құрылыс колледжінің оқытушылары мен студенттері авторлардың шығармашылық жұмыстарына лайықты баға берді.
Студенттердің тәлімгері Әнуар Сәпиев өзінің түрлі жерлерде қарап салған пленэрлік жұмыстарын ұсынды. Әнуар Сәпиев негізінен портрет және пейзаж жанрларында жұмыс істейді және ұлттық тарихи-этнографикалық тақырыпқа көбірек көңіл бөледі. Өнер кафедрасында көп жылдар бойы сабақ беріп келеді және өз студенттерінің шығармашылығын кітапхана қабырғасында көпшіліктің назарына ұсынып жүр.