Қостанай облысы мен Челябі облысы әкімдіктерінің арасындағы 2017-2021 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша Челябі облысы (РФ) делегациясының қаламызға сапары аясында кітапханаға Челябі облысының Мәдениет министрі Алексей ВалерьевичБетехтин келді.
Кітапхана директоры Д. Т. Дюсибаева қонақтарға кітапхананың жұмыс істеп жатқан жобалары туралы айтып беріп, министрді «Толстовканың» тіршілігімен таныстырды.
Кітапхананың құрметті қонақтарының альбомына ұжымның өздерін жайдары жүзбен қарсы алғандары үшін ризашылығын білдірген Алексей Валерьевич: «Кітапхананың толыққанды және өте қызықты өмір сүріп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады! Челябі облысының кітапханаларымен арадағы ынтымақтастықтың жалғасып жатқанына қуаныштымын. Сіздерге жақсылықтар мен гүлдену тілеймін»,- деген тілегін қалдырды.