Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаңа жылды тойлаудың жаңа жолдары»
20.12.2019

Абонементтер бөлімі қысқы мерекелер қарсаңында «Жаңа жылды тойлаудың жаңа жолдары» атты көрме-инсталляция ұйымдастырды.

Күн сайын Жаңа жыл жақындап келеді. Барлығы ертегіге бергісіз, сиқырға толы мерекені асыға күтуде. Біздің мерекелік көрмемізге іріктеп алынған кітаптар мен журналдар Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатқандар үшін пайдалы болмақ. Бұл жерге алуан түрлі әдебиеттер: Жаңа жылдың тарихы мен дәстүрлеріне арналған кітаптар, балалар ертегілері, таңғажайып оқиғалар, тамаша сценарийлер, аспаздық ас дайындау амалдары мен дастарқан жасаудың және безендірудің әдістері бойынша кеңестер келтірілген көркем безендірілген басылымдар қойылған. Сіздердің назарларыңызға шырша мен үйді безендіру бойынша дизайнердің идеялары берілген, киімді, бетті бояу мен шаш үлгісін таңдау бойынша ұсыныстар, туғандарың мен жақындарыңа ешкімдікіне ұқсамайтын сыйлықты неден жасауға болатыны, жаңа жылдық кешті есте қалатындай және көңілді өткізу үшін не істеу керектігі және толып жатқан тағы басқалар туралы пайдалы ақпараттар келтірілген журнал мақалалары мен материалдары ұсынылған.

Құрметті оқырмандар, біздің жаңа жылдық көрмемізді көруге шақырамыз және Жаңа жылдың барлығыңызға бақыт әкелуіне тілектеспіз!

Керемет кітаптарды оқуға қосылыңыздар, жаңа жылды жаңа кітаптармен бастаңыздар!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ