Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғажайыптар шеберханасы» – сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныбы
24.12.2019

Жаңа жыл – ең ғажайыпқа толы мерекелердің бірі. Оны балалар ғана емес, үлкендер де күтеді, себебі әрқайсысы өзінің асыл арманы дәл осы жаңа жыл кірер түнде орындалады деп үміттенеді. Жаңа жыл қарсаңындағы мезгіл нағыз ертегіні еске түсіреді: алуан түрлі түстер мен мың құбылған шамдар көз арбайды, айналадан шырша мен шоколадты кәмпиттің иісі аңқиды.

Балалар Аяз атаға хат жазып жатса, үлкендер мерекені қарсы алуға дайындалу үстінде: азық-түлік сатып алуда, үйдің ішін безендіруде, шырша орнатылуда.  

Сиқыршылардың рөліне енген Америка бұрышы мен Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай қ. №30 ОМ мен №14 ОМ оқушыларына нағыз мереке сыйлады. Олар әдеттен тыс шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Балалар жаңа жылдық бұйымдар жасап жатқан кезде оларды құттықтау үшін нағыз Микки-Маустың өзі келді. Жаңа жылдың белгісі болып табылатын сүйкімді қонақ балаларға тәтті сыйлықтар әкелді және оларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Кез келген адам кішкентай болса да осындай ғажайып жасап, жақындарын қуанта алады!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ