Үстіміздегі жылдың 6 қаңтарынан бастап Әмбебап оқу залында гендерлік теңдік стратегиясына арналған «Елімнің еңлік гүлдері» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінен келесідей басылымдар: Алдабергенқызы Т. «Әйел – Әлем», «Галерея знаменитых женщин», «Права женщин. Основные международные документы» халықаралық конвенция жинағы, заңгерлермен кеңеске негізделген, сұрақтар мен жауаптардан тұратын «В помощь женщинам, пострадавшим от домашнего насилия» кітапшасы назар аударуға тұрарлық.
Оқырмандар назарына гендерлік теңдіктің өзекті тақырыптарына: тарихтағы, саясаттағы, мәдениет пен іскерлік әлеміндегі әйгілі әйелдерге арналған кітаптар, гендерлік психологияның ерекшеліктерін түсіндіретін әдебиеттер ұсынылған.
Көрме бірінші жарты жыл бойы жұмыс істейтін болады.