Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жеңімпаз жерлестердің ерліктері»
14.01.2020

2020 жыл – 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы. Ұлы Отан соғысы жайындағы кітаптар келер ұрпақтың жерлестерін ұмытпауына жағдай жасайды. Оларда болған оқиғалар рухани жалғасын тапқан.

Өлкетану әдебиеттері бөлімі барлық тілек білдірушілерді «Жеңімпаз жерлестердің ерліктері» кітап көрмесін көруге шақырады. Көрмеге тарихи және көркем әдебиеттер, сол жылдардағы сұрапыл сынақты басынан өткізгендер туралы, Ұлы Отан соғысында опат болған жерлестеріміз жайындағы кітаптар қойылған. Олардың ішінде қостанайлықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы және еңбектегі ерліктері туралы құжаттар мен суреттер басылған «Книга Военной Славы Кустанайской области» бар. Материалдар «Костанайцы – Герои Советского Союза», «Дорогами Победы», «Кустанайцы – герои тыла. Личный вклад», «Кустанайская область в годы Великой Отечественной Войны: единство фронта и тыла», «Жеңіс Паркі» бөлімдеріне және т. б. бөлінген.

Оқырмандар үшін 2020 жылы өздерінің мерейтойларын атап өтетін қостанайлық соғысқа қатысушылардың фотосуреттері біршама қызықты болмақ.

Қазіргі кезде біз олардың өшпес ерлік жасағандарын білеміз, алайда ол кезде әр жауынгер мен офицер өз міндеттерін орындады – Отанын, үйін, отбасын қорғады, шабуылға шығып және өліп бара жатып ұрпақтарының өздерін елінің батырлары деп санайтынына, немерелері мен шөберелерінің өздерін мақтан ететіндеріне сенді.

Біз қостанайлықтардың ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқанын мақтан тұта аламыз. Біз олардың майдандағы және тылдағы ерліктерін ұмытпауға, олардың жеңістеріне лайықты болуға міндеттіміз.

Құрметті достар және оқырмандар! Кітап көрмесі 2020 жыл бойы жұмыс істейтін және өзекті материалдармен толықтырылып отырылатын болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ