Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Еріктілер – қоғамның қозғаушы қуаты»
12.02.2020

12 ақпанда «Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК» КММ жалпы еліміз бойынша игі істердің жылы болмақ Еріктілер жылына арналған «Еріктілер – қоғамның қозғаушы қуаты» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрмеге еріктіліктің құқықтық негізі болып табылатын құжаттар, Қостанай облысындағы жастардың ресурстық орталықтары мен облыстың қалалары мен аудандарындағы еріктілердің жобалары жайындағы мерзімді басылымдардан алынған материалдар қойылған.

Әсіресе халықтың игі дәстүрлері жайындағы, соның ішінде жерлестеріміздің бауырластығын, бірлігін көрсететін, бір-біріне тегін көмек беруге ұмтылуын көрсететін «Асарға» арналған әдебиеттерге ерекше назар аударылды. Мұндай дәстүрлерді жаңғырту және есте сақтау қажет.

Шараға еріктілер штабының жетекшісі М. Д. Третьяк, Қостанай облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығының «Білім» бағытын үйлестіруші А. В. Пимичева, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ жастар ісі бойынша комитетінің меңгерушісі О. Т. Алиев, халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші, әндерге сөз жазушы, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қ. Қиысқан қатысты.

Шараға ЖОО мен орта оқу орындарының студенттері, әскери қызметшілер және қала жұртшылығы қатысты. Көрме жыл бойы жұмыс істейтін және толықтырылып отырылатын болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ