Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының шешімімен 2020 жылы жалпы халықтық оқу үшін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы таңдап алынды.
19.02.2020

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897–1961) – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі.

Қырық жылға созылған жемісті шығармашылық жұмысында Мұхтар Әуезов ондаған әңгімелер, повестер, әдеби мақалалар, әдебиет оқулықтары мен монографиялар, отызға жуық пьеса, либреттолар мен сценарийлер жазды, орыс және әлем классиктерінің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ең танымал шығармалары: «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жолсыз жаза» дастанының желісі бойынша жазылған «Еңлік-Кебек» пьеса-трагедиясы, «Айман-Шолпан», «Қыр суреттері», «Көксерек», «Қилы заман», «Хан Кене» пьесасы.

Мұхтар Әуезовтың шығармашылық өмірі қазақ ұлттық әдебиетінің құрылуымен байланысты. Әуезов оны әлемдік деңгейге шығарды, ал оның басты еңбегі – «Абай жолы» роман-эпопеясы «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді.

«Абай жолы» романында Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің классигі, ойшылы, қоғам қайраткері, халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірін баяндайды. Орасан зор ақыл иесінің күреске толы күрделі өмірі көркем бейнеленген тарихи суреттер аясында оқырманның көз алдынан өтіп жатады.

Бұның сыртында автор оқырманға ХІХ ғасырдың аяғындағы көшпелі және отырықшы далалықтардың өмірі, тұрмысы мен әдет-ғұрыптары, асыл арманы, үміті мен сенімі, өзіндік салт-дәстүрі, ұлттық мінезі туралы әңгімелеп береді.

 

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ