Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...»
24.02.2020

24 ақпанда кітапханада Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге IV шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясатшы, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының профессоры В. Г. Вишниченко, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ фундаменталды зерттеулер институтының директоры, профессор, республикалық ҚХА мүшесі, облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының төрағасы А. Б. Бекмағамбетов, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА облыстық ғылыми-сараптау тобының мүшесі М.Т.Қадырәлиева қатысты.

Шараның қонақтары өз сөздерінде Ассамблея жұмысының арқасында ұлтаралық және дінаралық келісімнің тамаша үлгісі жасалғанын, келісім мен өзара түсіністіктің ерекше ахуалы қалыптасқанын, әр азаматтың ұлты мен дініне қарамастан, Конституция кепілдік беретін барлық азаматтық құқығы мен еркіндігіне ие екенін және оны толық пайдалана алатынына сенетіндігін жеткізді.

Сөйлеушілер республикада Қазақстанның барлық этносының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға толық жағдай жасалғанын және Ассамблеяның жұмысы ұлтаралық қарым-қатынас мәселесін тиімді шешіп отырған ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі беделінің өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Көрмеге қойылған әдебиеттерде бірінші Президенттің бастамасынан бастап ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімді, көп этносты азаматтық қоғамды, Қазақстан халқының этносаралық сұхбат мәдениетін қалыптастыру жолындағы қазақстандық саясат ұстанымдарының негізін жасауға дейінгі ширек ғасыр ішінде атқарған Ассамблеяның жұмысы көрсетілген.

Көрменің орталық бөліміне Н. Ә. Назарбаевтың «Идея мира и общественного согласия», Г. В. Канның «Модель межнационального согласия Первого Президента Казахстана», сондай-ақ «Ассамблея народа Казахстана в истории страны», «Казахстан – Родина всех своих граждан» кітаптары қойылған.

Сіздерді жыл бойы жұмыс істейтін және үнемі толықтырылып отырылатын кітап көрмесін көруге шақырамыз.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ