Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы жеңіс
26.02.2020

2020 жылы жер жүзі 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді. Осыған орай аталған даңқты күнді атап өтуге арналған кеш өткізілді. Әмбебап оқу залы шараның ұйымдастырушысы болды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері шараның басты қатысушылары болды:

Қ. А. Алдабергенов – бейбіт кезеңде педагог, журналист, белгілі ақын, «Думанды дәурен» кітабының авторы.

П. В. Даценко – көптеген марапаттардың иегері, соғыстан кейін мамандығы бойынша педагог, көрінбейтін майданның батыры, МҚК Қостанай облысы бойынша басқармасының жүйесінде қызмет етті, отставкадағы полковник, «Сказания о довоенном мире, войне окопной и незримом фронте» кітабының авторы.

М. И. Подоляков – патриот, белсенді өмір сүруді жақтайтын жан, түрлі жылдары Қостанай облысының статистика басқармасына жетекшілік етті, Қостанай қаласының құрметті азаматы.

Оқырмандар, әскери қызметшілер, студент жастар өздерінің батыр жерлестерінің естеліктерін қызыға тыңдады. Кеш барысында фильмдерден үзінділер келтірілді, слайдтар көрсетілді. Соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Шараға қатысушылар соғыста опат болғандардың барлығын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Кеш соңында ардагерлер жастардың соғысты ешқашан көрмеуін тіледі, оларды Отанын сүюге және сақтауға, оның жеңістерін мақтаныш етуге шақырды. Барлық қонақтар сол бір қорқынышты және ұлы кезеңнің бар қасіретін бүкпесіз көрсететін басылымдар қойылған шара аттас кітап көрмесімен танысты.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ