Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз»
26.08.2020

Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы назарларыңызға облысымыздағы кітапхана ісінің, соның ішінде  Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың даму тарихына арналған «Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз» атты безендірілмелі кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

Көрмеге дәстүрлі баспа өнімдерінен басқа өткен дәуірге қатысты сирек кездесетін мұражай жәдігерлері: мұрағат және есеп беру құжаттары, ХХ ғасырдың басындағы кітапхана ғимараты бейнеленген фотосуреттер, Қостанай облыстық кітапханасының бастауында тұрғандардың   уақыт өте сарғайып кеткен суреттері, қостанайлық В.И.Касиванов пен И.В.Колесниковтың атақты орыс жазушысы Л.Н.Толстойға жазған хаттарының көшірмелері қойылған. Дәл осы хаттардың арқасында облыстың басты кітапханасына 1949 жылы Л.Н.Толстойтың есімі берілді.

Кітапхана ұжымы ұзақ жылдар бойы ұлы жазушының шығармашылығын насихаттап келеді және оны құрметпен еске алады.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=4x04rYeqhG8


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ