Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қаһарман азамат, қыран ақын» (Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналады)
10.09.2020

            Абонементтер бөлімінде қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «Қаһарман азамат, қыран ақын» атты көрме  ашылды.

          Оқырмандар назарына Жұбан Молдағалиевтің 5 томдық шығармалар жинағы, таңдамалы шығармалары, «Мен қазақпын» «Сел», «Қыран дала», «Байқоңыр баспалдақтары» атты өлеңдері, дастандары, поэмалары ұсынылған.

          Көрнекті ғалым, профессор Мүсілім Базарбаевтың «Замана тудырған әдебиет» атты зерттеуінде Жұбан Молдағалиевтің поэзиясы жайында  «Дарын, дастан» атты ой-толғаулары жазылған.

         Сіздерді қыркүйек айының аяғына дейін жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ