Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақстандағы армян диаспорасы
01.10.2020

  Құрметті оқырмандар! Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Достық шаңырағы» көрмелер циклін жалғастыру аясында Абонементтер бөлімінде 1 қазаннан бастап армян әдебиетінен тұратын кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

 Қазақстандағы армян диаспорасы өзінің тілін, салты мен дәстүрін, өзінің ұлттық мәдениетін сақтап қалған ел халқының өзіндік ерекшелігі бар бір бөлігі болып табылады.

Көрмеге Арменияның ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезге дейінгі тарихы туралы кітаптар, армян ғалымдары мен шетелдік кавказтанушылардың еңбектері, сондай-ақ армян ақындары мен жазушыларының көркем шығармалары қойылған. Ағылшын авторы Дэвид Лэнгтің «Армяне. Народ-освободитель» кітабы халықтың басынан өткен көптеген қасіретке толы тарихы туралы, бірнеше рет жойылып кетудің алдында тұрған, алайда өз мәдениетіне, дініне деген адалдығын сақтап қалған және біздің кезімізге дейін салтын, сенімін және ұлттық ерекшелігін жеткізе білген жұрт жайында баяндайды. «Армяне: Путешествие в их страну и историю» деген кітабында грек жазушысы Мицос Александропулос суретші-көсемсөзші ретінде оқырмандарды Армениямен, оның табиғатымен, тарихшы-зерттеуші ретінде оның жылнамашыларымен, ақындарымен, суретшілерімен таныстырады. 

Сан қырлы мәдениетті сақтап келе жатқан армян халқының тарихымен толығырақ танысу үшін барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз. Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ