Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІІ республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалі
08.10.2020

2020 ж. 7 қазанында ҚР Ұлттық мұражайында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІІ республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті.

Фестивальдың ашылуына арналған салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахматолақызы қатысты. Биыл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәдениет және өнер қайраткерлерінің арасындағы байқау алғаш рет онлайн режімінде өткізілді. Байқауға мемлекеттік мұражайлардан, кітапханалардан, қоғамдық орталықтар мен ауылдық клубтардан 259 өтінім түсті. 28 және 30 қыркүйек арасында қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарап шықты.

Республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалінің қорытындысы бойынша Қостанай облысының басты кітапханасы мен екі ОКЖ-і марапатқа ие болды.

«Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Үздік кітапханалық онлайн жоба» аталымы бойынша марапатталып, басшысы Дариға Төребайқызы Дүйсебаеваға сертификат пен жеңімпаздың дипломы табыс етілді.

«Ауылдық маңыздағы үздік кітапхана қызметкері» аталымы бойынша Науырзым ауданының Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бірмағамбетова Гүлжазира Сапарғалиқызы жеңіске жетті.

Жангелдин аудандық ОКЖ кітапханашысы Ағытаев Әмірхан Бақтыбайұлы қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

Біз әріптестерімізді құттықтаймыз және ортақ ісімізде жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ