Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жастардың еріктілігі: мүмкіндіктер мен атқарылар істер»
21.10.2020

«         Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі Қазақстандағы Еріктілер жылына арналған «Жастардың еріктілігі: мүмкіндіктер мен атқарылар істер» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді. 

         Қостанай облысы – еріктілер жұмысы белсенді дамыған өңірлердің бірі. Дәл осы жерде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Дөңгелек үстелді өткізу барысында қазіргідей күрделі кезеңде ерікті болудың қандай екендігі, жұмыста қандай мәселелермен бетпе-бет келетіні туралы, жұртқа тегін көмек көрсетуге не итермелейтіні туралы, жастар арасындағы еріктіліктің мүмкіндіктері мен атқаратын істері туралы айтылды және басқа да көптеген сұрақтарға жауап берілді.

      Шараға Қостанай облыстық ҚХА еріктілер орталығының төрағасы, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқтушысы Анастасия Пушкарева,  «Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚБ төрағасы Динара Өтебаева, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері қатысты. Еріктілердің жұмыстары жайындағы бейнероликтер көрсетілді.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=i7PDUB9OYEA


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ