Облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында А.Никифоров атындағы Қостанай мамандандырылған балалар сурет мектебінің оқушылары салған суреттердің көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде жас суретшілер келушілердің назарына тарихи ұлы тұлға Әл-Фарабидің, 19-шы ғасырдағы қазақтың мәдени өмірінің жарқын құбылыстары болған ағартушы әрі педагог Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының портреттерін ұсынды. Көрме жалпы ұлттық отаншылдықты қалыптастыруға, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеуге бағытталған.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=9uWHQWZpn4A