2020 жылдың 19 қарашасында өлкетану әдебиеттері бөлімі М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен бірлесе отыра, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартқан қаламгер Міржақып Дулатұлының 135 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты онлайн әдеби-тарихи кеш өткізді. Кеш барысында Міржақып Дулатұлының алғашқы кітаптары: «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат», «Терме» атты өлеңдер жинағы талқыланды. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел тағдырына арналды.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:https://youtu.be/7smOamf8lZg