Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұрпақтарды байланыстырған мұралар»
12.01.2021

Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы Қостанай облысының тарихы бойынша «Ұрпақтарды байланыстырған мұралар» атты кітап көрмесін дайындады.   Белгілі қазақстандық жазушы Әбіш Кекілбаев: «Бүгін бізге халықтың рухани байлығын жете зерттеп, оларды тірнектеп жинау арқылы ежелгі дүниелерді қайта тірілте білу,  қазақстандықтардың бүгінгі күнге дейінгі ұзақ және күрделі жолын зерделеу маңызды», - деген болатын. 

Кітап көрмесіне сирек кездесетін өлкетану басылымдарының коллекцияларынан алынған келесідей бірегей даналар қойылған: А. А. Кауфманның  1897 жылғы «Переселенцы-арендаторы Тургайской области» жинағы;   «Отчетъ по Тургайско-Уральскому переселенческому району за 1907 г.» (1908 г.);   «Матерiалы по киргизскому землепользованiю, собранные и разработанные статистической партiей Тургайско-Уральскаго переселенческаго раiона.  Кустанайскiй уездъ» (1912 г.); Отчетъ Львовскаго опытнаго поля: Тургайской обл. Кустанайскаго уѣзда (1915 г.); «История Жиляевского восстания»  И. Грушина  (1922 г.); «Амангельды Иманов - вождь восстания 1916 года в Казахстане» С. Брайнина (1939 г.);«Педагогические идеи и просветительская деятельность И. Алтынсарина» А. С. Ситдыкова(1949 г.); «Возникновение города Кустаная»  В. Г.  Малехонькова, З. П. Толстых  (1959 г.)  және басқалар.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/_6g1wiQegSY


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ