Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» көрмесі жұмыс істеп тұр.
Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қайта жаңғырған мемлекетіміз бен ата-бабаларымыз өмір бойы аңсаған еркіндікті нығайту жолындағы осы тарихи кезеңнің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Көрмеге ел тарихының даму кезеңдерін, республиканың одан әрі дамуының стратегиялық мақсаттарын, жетістіктерін және басымдықтарын көрсететін кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Құрметті оқырмандар, сіздерді жыл бойы жұмыс істейтін және жүйелі түрде жаңартылып отыратын кітап экспозициясымен танысуға шақырамыз.