Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген тыл еңбеккерлері өздерінің бар күштерін Отан игілігіне жұмсай отырып жеңіске өз үлестерін қосты. Таткенова Ғайникамал Оразалықызы – тыл ардагерлерінің бірі, Қостанай облысындағы алғашқы тракторшы әйел. Бүгін ол 95 жасқа толды. Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ардагермен кездесіп, өткен күндер жайында әңгіме тыңдады және осы тамаша адам туралы бейнесюжет дайындады. Ғайникамал Оразалықызына денсаулық, амандық және жан жылуын тілейміз!
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=9WnT8uww1U4