Л. Н. Толстой ОӘҒК бірінші қабатындағы фойеде жас суретші Әсел Нұркенованың «Орындалған армандар» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеге майлы бояумен, пастельмен және көмірмен салынған 16 кескіндеме жұмысы қойылды. Олардан адамгершілікті, ізгілікті, тілектестікті және түсіністікті көруге болады. Бұлардың барлығы Әселдің өзіне тән қасиеттер, ол өзінің жұмыстарында әлемді өз көзімен бейнелеуге тырысады.
Автор жақындарының, достары мен таныстарының портреттерін қуана салады. Оның жұмыстарының мазмұнының ерекшелігі шынайы табиғатты бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар киімнің, тұрмыстық және басқа заттардың бөлшектерін егжей-тегжейлі көрсету арқылы ұлттық ерекшелікті анықтауға және баса көрсетуге ұмтылуы болып табылады.
Көрмеге қостанайлық белгілі суретшілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері В. Быков, С. Шалунова, Н. Торшин, Н. Халифаева, Г. Надеина, С. Луговой қатысты.
Көрмеге қойылған жұмыстарды комиссия Әселді Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігіне қабылдау үшін талдап шығып, өз байламдарын айтпақ болды.
2019 жылы Әсел Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен өткен бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің жас авторларының «Жас Толқын-2019» атты І республикалық байқауының лауреаты атанғанын айта кеткен жөн.
2020 ж. қазан айында Әсел «Жас Толқын – 2020» республикалық жас суретшілер байқауының «Кескіндеме» аталымы бойынша гран-при иегері атанды. Ал бүгін көрменің ашылуының соңында Әсел Нұркенова Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігіне қабылданды.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=AXqDvD5CgTQ