Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Талғамы биік талант»
04.02.2021
Құрметті оқырмандар! Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға белгілі кеңес және Қазақстан композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 75 жыл толуына арналған «Талғамы биік талант» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

К. Дүйсекеев көптеген фильмдер мен театрлық қойылымдарға арналған музыкалардың авторы болып табылады. «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасының, «О, дүние» кантатасының, «Времена года» романстар топтамасының, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклдерінің, «Алдар көсе» опереттасының, камералық оркестрге арналған шығармалардың, сонаталардың, рапсодиялардың, вариациялардың авторы.

Бұл бейнешолуда Кеңес Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен мерзімді баспасөздегі материалдар ұсынылған. 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=t0zydsK1oyA&t=8s 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ