Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» виртуалды көрмесін ұсынады.
Жамбылдың шығармашылығы бүгінгі таңда да өзекті. Ол әлі күнге қазақстандық және шетелдік оқырмандардың назарында және олардың зерттеу нысаны болып табылады. Атақты ақынның мұрасы – өмірдің айнасы. Оның шығармалары халықтың тарихын түсінуге, бірлігіміздің түп тамырын ұғынуға көмектеседі.