Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Есеп беру кездесуі
24.02.2020

2021 жылдың 24ақпанында Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапхана ұжымының Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақовпен кездесуі өтті. Кездесу барысында кітапхана басшысы Д.Т. Дүйсебаева мекеменің 2020 жылғы жұмысына талдау жасап, жетістіктерімен бөлісті, шешуін қажет ететін мәселелер туралы айтты. Бүгінгі таңдағы ең қиын және өткір мәселе кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлу мәселесі болып отыр, одан кем түспейтін екінші маңызды мәселе компьютерлік паркті жаңарту болып отыр. Кездесуде сондай-ақ «С» санатындағы мамандардың (бухгалтерлер, кадр бөлімінің қызметкерлері, аудармашы және т.б.) республикалық бюджеттен төленетін 35% үстемеақыны ала алмай отырғаны да көтерілді.

Ерлан Болатұлы кездесуде ұжымның қойған сұрақтарына жауап берді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ