Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әз-Наурыз, қош келдің!»
18.03.2021
Ағымдағы жылдың 18 наурызында әмбебап оқу залы ZOOM платформасында қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған «Әз-Наурыз, қош келдің!» атты дәстүр кешін өткізді.

Наурыз мейрамы – бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуы. Наурыз мейрамына келгендердің бәрі, жасы мен жасамысы қуануға, көңіл көтеруге және басқалардың көңілін көтеруге міндетті болды. Соған орай іс-шарада ән мен би де орындалды, түрлі ойындар да көрсетілді.

Қостанай облысының Меңдіқара, Қостанай, Науырзым, Денисов, Қарасу, Федоров, Ұзынкөл, Амангелді ОКЖ кітапханашылары өздерінің шеберліктерін және қазақ дәстүрлерін терең білетіндерін көрсетті.

Кеш қонақтары Наурыз мерекесін қарсы алумен байланысты салт-дәстүрлермен танысты. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ