Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Замана бұлбұлы»
14.04.2021

Құрметті оқырмандар! Өнер туралы әдебиеттер бөлімі көрнекті қазақ композиторы, дирижер, концертмейстер, Қазақ КСР халық әртісі, профессор Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Замана бұлбұлы» атты кітап көрмесін ұсынады.

  Көрме А. Жұбановтың өмірімен және шығармашылығымен таныстырады. Оның есімі жазба түріндегі қазақ кәсіби музыкасының пайда болуымен, дамуымен және өркендеуімен тығыз байланысты. Халық өмірінің және ауызша шығармашылықтың ғасырлар бойғы дәстүрлерінің тамаша білгірі бола отырып, таңғажайып байқағыштық пен жан-жақты қызығушылығының арқасында, алғыр ақыл мен алыс болашаққа көз жүгірте білу қабілетінің арқасында Ахмет Жұбанов музыка ғылымының, педагогиканың, концерттік практиканың және композиторлық шығармашылықтың көптеген салаларының негізін қалаушы және жаңалық енгізуші болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ