Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Еңбегімен дараланған Құндызай
15.04.2021

 «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» іс-шаралар топтамасы аясында Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай облысының алғашқы механизатор әйелдерінің бірі Құндызай Ибраевамен кездесу өткізді. Қоғамда әйелдерге жат мамандықтарды таңдаған әйелдер аз емес. Барлық қиындықтарға қарамастан олар өздері таңдаған өмір жолына адал болып қалды. Солардың бірі Ибраева Құндызай – алғашқы тың игеруші, 15 жылдық тәжірибесі бар тракторшы, бүгінгі күні 75 жасқа толып отырған ерекше жігерлі, ақылды, ашық та сүйкімді әйел. Құндызай Ыбыраевамен сұхбат – бұл даналықтың, табандылықтың, өмірлік қиындықтарды жеңудің және ертеңгі күнге деген сенімнің белгілері бар естеліктер.

Құрметті Құндызай Ыбыраева, шын жүректен айтылған құттықтауымызды қабыл алыңыз! Сізге зор денсаулық, бейбіт өмір, жақсылық, амандық және жан жылуын тілейміз!

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:   https://www.youtube.com/watch?v=RgXrN44PV7s

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ