Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Заңгер студенттерге арналған экскурсия және шолу
15.04.2021

Қазақстанда 14 сәуірде атап өтілетін Ғылым күніне байланысты абонементтер бөлімі мен өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ заң факультетінің студенттері үшін кітапхана бойынша экскурсия өткізді және әдебиеттерге шолу жасады. Экскурсия барысында студенттер кітапхананың түрлі бөлімдерімен және оларда бар ақпараттық ресурстармен танысты.

Бұдан кейін қонақтар үшін Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қорында бар құқықтық әдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды. Бұл ретте азаматтық құқық бойынша оқулықтар мен оқу құралдарына ерекше назар аударылды, сондай-ақ азаматтық ғылым саласында еңбек ететін ғалымдар таныстырылды.

Экскурсия мен шолу барысында алынған ақпарат студенттерге оқу барысында да, өздігінен білім алу үшін де пайдалы болатыны сөзсіз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ