Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Халықаралық оқырмандар марафоны
15.04.2021

Оқырмандар марафонының бірінші аптасы 14 сәуірде инстаграмдағы тікелей эфирмен аяқталды. Марафон аясында оқылған алғашқы шығарма Пауло Коэльоның атақты романы «Алхимик» болды. Филолог Светлана Глебова көптеген жылдар бойы осы философиялық астарлы әңгіменің әлемдік бестселлерге айналғаны, оқырмандар арасында керемет толғаныс тудырғаны туралы айтып берді.  Тікелей эфир тыңдаушылары арасында марафонға қатысуға өтінім берген жасөспірімдер ғана емес, әдебиетті ұнататын адамдар да болды. Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкері Алексей Олексюк те өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ марафонды ұйымдастырушылар Татьяна Тихомирова мен Светлана Глебова оқуға ұсынылған келесі шығарманы атады. Ол Мариам Петросянның «Дом, в котором…» романы болды.          Келесі тікелей эфир бір аптадан кейін өтеді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ