Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тәуелсіз Қазақстан – мақтанышым»
22.04.2021

21 сәуірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жастар ресурстық орталығы Қостанай ауданының өскелең ұрпағымен «Тәуелсіз Қазақстан – мақтанышым» атты кездесу ұйымдастырды. Іс-шараны өткізу орны болып Н. Наушабаев ат. мектеп-гимназия таңдалды.  Кездесуге Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Сейіл Жұлдызай Есенбекқызы және Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Қабақова Ғалия Бауыржанқызы қатысты. Сөз сөйлеушілер әрбір жас адамның Отан алдындағы міндеті білім алу және ғылымды меңгеру екендігін атап өтті, сондай-ақ жастарды қазақстандық қоғамның құндылықтарын құрметтеуге шақырды.  Олар Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғалар туралы, егеменді еліміздің негізгі жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ жастардың естігендері туралы пікірлерін білу үшін сұрақтар қойды.

Кездесу бейнефильм көрсетумен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында кітапханада өткізілген іс-шаралар туралы әңгімемен аяқталды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ