Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде ҚР Франция елшілігі ұйымдастырған франкофондық көктем аясында әмбебап оқу залы А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ Француз мәдени орталығымен бірлесе отырып «Мистер Штайн идет в онлайн» атты француз көркем фильмінің көрсетілімін жүзеге асырды.
Фильм көрсетілімінің негізгі мақсаты француз мәдениетімен танысу, елтану көкжиегін кеңейту, тілдік біліктілікті арттыру болды.