Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Біздің күшіміз бірлікте»
04.05.2021

30 сәуір күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Дружба» оңалту орталығында ең ізгі және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өткізді.

1 мамырда атап өтілетін бұл мереке 150-ден астам ұлт пен ұлт өкілдері тұратын елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қажетті достықты, түсіністік пен келісімді білдіреді. Қазақстан халқының үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және тағы басқалар кіреді. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ Қазақстан аумағында олар – бір тату халық.

Көп ұлтты Қазақстан бір мемлекетте түрлі ұлттар мен ұлт өкілдерінің, діни сенімдер мен мәдениеттердің бейбіт өмір сүріп жатқанын мақтан ете алады. Тәуелсіздік жылдарында түрлі этностар өкілдерінің бірігуіне Қазақстан халқы ассамблеясы зор рөл атқарды және атқарып келеді.

Іс-шараға қатысушылар осы және басқа да көптеген нәрселер туралы ақпарат алды. Қазақстан халқының бірлігі күні туралы мәліметі мол және қызықты әңгіме фотосуреттерді және бейнематериалдарды көрсетумен сүйемелденді.

Кездесу жылы және түсіністік жағдайда өтті.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ