Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қуанышы мен қасіреті бірдей күн»
05.05.2021

   Әмбебап оқу залы оқырмандардың назарына 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Қуанышы мен қасіреті бірдей күн» атты кітап көрмесін ұсынады.

             Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы барлық елдер үшін маңызды кезең болып табылады. Ең алдымен –бұл біздің тарихымыз, бұл біздің, сол кездегі ортақ еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен барлық ұлт сарбаздарының жауынгерлік бауырластығы, теңдессіз ерлігі мен батырлығы туралы естелік. Ұлы Отан соғысы Қазақстан үшін ауыр сынақ болды. Ол миллиондаған адамның өмірін қиды және көптеген қайғы мен көз жасын әкелді. Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің бейіттерін Еділден Берлинге дейінгі барлық кеңістіктен табуға болады. Олардың есімдері Қазақстанның Естелік кітабына мәңгілікке енгізілген. Жыл сайын 9 мамырда қазақстандықтар өздерінің жанқиярлығымен және ерен еңбектерімен бостандық пен тәуелсіздік құқығын, болашақ ұрпақ үшін бейбіт өмірді сақтап қалған  майдан мен тыл батырларын, өз Отанының нағыз патриоттарын, әйелдер мен ерлерді ризашылықпен еске алатын болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ