21 мамыр күні Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қостанайдың жас композиторларымен кездесу өтті. Іс-шараның қонақтары музыкалық-теориялық пәндердің оқытушысы Биғабылова Ботагөз Төреақынқызымен бірге келген № 1 Балалар музыка мектебінің оқушылары Ангелина Гуцан мен Зере Танкеева болды.
Зере Танкеева фортепиано, аккордеон, скрипка және виолончельде ойнайды, музыкалық шығармалар жазады. 2019 жылы Зере өз шығармаларының үш жинағының тұсаукесерін өткізді. Бірінші жинақ – фортепианоға арналған пьесалар циклы, екіншісі – виолончельге арналған шығармалар, үшіншісі, ең қиыны – «Приключения Брунгильды» ертегісі. Ангелина Гуцан музыка мектебінің 5-сыныбында оқиды. Ол өткен жылы Биғабылова Ботагөз Төреақынқызының жетекшілігімен өзін композиция саласында сынап көрді және бірлескен жұмыстың нәтижесінде «Рахмет, Қазақстан!» әні дүниеге келді.
Іс-шараға А.И. Суслова, А. С. Денисов, Г. С. Абдуллина сияқты шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ музыка мектебінің педагогтары қатысты. Кездесу барысында қонақтар жас композиторлармен танысып, олар шығарған музыкалық шығармаларды тыңдады. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.