Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітаптың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті. Кітап оқуға деген қызығушылық, кітаптар арқылы қоршаған әлемді тану балалардың бойында мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек, ал кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек.
Құрметті оқырмандар, «ПРОчтение» жобасы аясында абонементтер бөлімі назарларыңызға Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы бойынша бейнеролик ұсынады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ әдебиетінің жарқын өкілі. Автор шығармаларының ішінен көркемдік құндылығы бойынша өмірдің қатал шындығын шынайы көрсеткен «Көксерек» әңгімесі ерекше орын алады. Қайғылы оқиға баяндалған шығармалардың бірі болып табылатын әңгіменің негізгі мазмұны жабайы табиғаттың өкілі қасқыр мен адамның мәңгілік қақтығысы болып табылады.