ҚР мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі 2021 жылдың 3 маусымында Рудный қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Көк аспан астында желбіреген көк ту» тарихи панорамасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – отаншылдық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді тәрбиелеу. Іс-шара қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуынан бастап Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуына дейінгі еліміздің жүріп өткен тарихи жолын көрсетті.
Іс-шара барысында кітапхана пайдаланушылары ұсынылған «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» викторинасының сұрақтарына белсенді жауап беріп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен тарихы туралы білімдерін көрсетті.