Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қарымды қаламгер, ардақты азамат»
04.06.2021

3 маусымда Л.Н.Толстой ат. ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында белгілі қазақ ақыны, жазушысы, драматург, публицист-журналист Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының  шығармашылық кешін, сонымен қатар  «Оңашадағы оқшау ойлар», «Күзгі көңіл» атты кітаптарының тұсаукесерін өткізді. Шараны салтанатты ашу құрметі  белгілі прозашы Әбутәліп Әмір мен «Издательский дом» ЖШС директоры Валентина Ивановна  Захарченкоға берілді.

Жайдарлы да жанға жылу беретін кеш, белгілі де білікті қонақтар, көркем безендірілген кітап көрмесі мен бейнетаныстырылым іс-шараны ұмытылмастай етті. Автордың атына көптеген ізгі тілектер айтылды. А.Байтұрсынов ат. ҚӨУ филология факультеті студенттерінің шығармашыл жастары ақынның өлеңдерін оқып,  А.Шаяхметтің сөзіне жазылған «Әдемі» әнін тарту етті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ